Көкшетауда жоғалған жасөспірім астанадан табылды
16 жастағы Лейла Тойбазар биылғы 4 сәуірде сағат 16:00 шамасында үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған еді. Оны іздеуге Көкшетау қаласы полиция басқармасының жеке құрамы мен еріктілер жұмылдырылды.
Нәтижесінде Ақмола облыстық Полиция департаменті мен Астана қаласы, Сарыарқа аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері жасөспірімнің жүрген жерін анықтады.
«Биылғы жылдың 7 сәуірінде жоғалған қызды елордалық тәртіп сақшылары Астана қаласындағы мекемелердің бірінде байқап, ақмолалық әріптестеріне хабарлады. Қазіргі уақытта кәмелетке толмаған қыздың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», - деді ведомстводан.
Айта кетсек, осыған дейін Көкшетауда із-түзсіз жоғалған 16 жастағы қызға іздеу жарияланғанын жазған едік.