Көкшетауда жолаушылар автобусы жанып кетті
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда жолаушылар автобусы жанып кетті. Бұл туралы жергілікті əлеуметтік желіде бейнежазба тарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Əлеуметтік желі қолданушылардың аталмыш бейнежазба астына қалдырған пікіріне қарағанда, оқиға сәуірдің 13-інен 14-не қараған түні Көкшетау қаласынан Астана бағытына шыға берісте болған.
Бейнежазбада көрсетілгендей, жанып жатқан автобусты оқиға кугерлері сөндірмек болған. Сонымен қатар, желі қолданушылар автобустың қала сыртына қатынайтынын жəне адамдардың өрттен зардап шекпегенін айтуда.
Əйтсе де, осы оқиғаға байланысты арнайы органдар тіс жарып отырған жоқ. Сол себепті, өрттің неден шыққаны, көліктің қайда бағыт алғаны жəне ішінде қанша адам болғаны туралы əзірге белгісіз.
Горит автобус 🔥🚌 на въезде в г. Кокшетау, со стороны Астанинской трассы. По предварительным данным жертв нет.