Көкшетаудағы су тасқынымен күресуге жамбылдық құтқарушылар көмектесіп жатыр

КӨКШЕТАУ. KAZINFORM – Көкшетау қаласында су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасып жатыр.

жамбылдық құтқарушылар
Фото: ТЖД баспасөз қызметінен

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, бір тәуліктің ішінде облыс орталығында 47 мың текше су сорылды. Бұл жұмыстарға Ақмола облысы ТЖД, жергілікті атқарушы органдардан мен Жамбыл облысы ТЖД барлығы 304 адам, 87 бірлік техника және 16 мотопомпа жұмылдырылған.

«Су тасқынына қарсы штаб құрылғаннан бері қолданыстағы 2 443 метр бөгет нығайтылып, 2 943 метр жаңа бөгет тұрғызылды. Қазіргі уақытта Көкшетау қаласының эвакуациялық пунктінде 29 адам бар, оның 11-і бала», - деді ведомстводан.

Айта кетсек, бұдан бұрын Көкшетауда құтқару жұмыстары қалай жүргізіліп жатқанын жазған едік.