Көкшетаудағы қоғамдық орындарға Wi-Fi интернет желісі орнатылды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда қоғамдық орындарда Wi-Fi технологиясы бойынша сымсыз интернет желісі іске қосылды.

Көкшетаудағы қоғамдық орындарға Wi-Fi интернет желісі орнатылды

Бұл туралы "Қазақтелеком" АҚ-ның Ақмола облыстық телекоммуникация дирекциясының баспасөз қызметінен хабарлады.

Wi-Fi ұшқыр интернет желісі облыс орталығындағы халық көп жиналатын автовокзал, қалалық саябақ, Абылайхан даңғылы мен Сүлейменов көшесінің қиылысындағы сквер, "Бурабай" спорт сарайы, "Сармат" іскерлік орталығы, облыстық аурухана, "РИО" және "Алтын ғасыр" сауда үйлері тәрізді қоғамдық жерлерге орнатылды. Осы аталған нысандардың маңында 150 метр радиусте тұрғындар лимитсіз интернет қызметіне қол жеткізе алады. Әзірге, қызмет ақысы тәулігіне 190 теңгені құрап отыр.