Көкшетаудағы Қопа көліне 13 мыңға жуық ақ амур балығы жіберілді

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бүгiн Ақмола облысының әкiмi Мәлiк Мырзалин Көкшетаудағы «Қопа» көлiн балықтандыру шарасына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі əкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көкшетаудағы Қопа көліне 13 мыңға жуық ақ амур балығы жіберілді

Шара аясында Зерендi балық питомнигiнде өсiрiлген 13 мыңға жуық ақ амур және 3 мыңға тарта дөңмаңдай балығы көлге жiберiлдi.

Мамандар бұл шара, көлдi табиғи жолмен тазартуға септiгiн тигiзетiнiн айтуда. Облыс әкiмi, балықтарды көлге шығарып, мұндай шара көлдi аймақ саналатын Ақмола өңiрi үшiн қажет деп атап өттi.