Көкшетаудағы жәрмеңкеде 157 млн теңгенің өнімі саудаға шығарылды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат- Көкшетауда ұйымдастырылған ауыл шаруашылығы тауарларының жəрмеңкесінде 157 миллион теңгенің өнімі саудаға шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көкшетаудағы жәрмеңкеде 157 млн теңгенің өнімі саудаға шығарылды

Тәуелсіздік алаңы мен «Алтын ғасыр» сауда үйінің алдында ұйымдастырылған бұл жолғы  жəрмеңкеге  Бұланды, Бурабай, Қорғалжын, Целиноград аудандарының және Көкшетау қаласының ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерi қатысты.
null 

null 

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Мұрат Балпанның мәліметі бойынша, бұл жолы жәрмеңкеге 60-қа жуық азық-түлік өнімі әкелініпті. Олардың жалпы құны 157 миллион теңгені құрады. Оның ішінде ет, ұн, сүт өнімдері мен балық, жұмыртқа, қант, күнбағыс майы тəрізді азық-түлік түрлері нарық бағасынан 15-20 пайызға арзан сатылды.
null 
null