Көкшетаудағы жоғары колледжде бірінші IT-орталық ашылды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетаудағы Ақмола облысының білім басқармасы жанындағы жоғары колледжде «Нұр Отан» партиясының бастамашыл жобасын жүзеге асыру шеңберінде бірінші IT-орталық ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көкшетаудағы жоғары колледжде бірінші IT-орталық ашылды

IT-орталықта қазіргі нарық заманында жұмыс істейтін замануи ІТ-шешімдерді жедел қолданып, игере алатын, халықтың өмір сүру сапасын жақсартатын цифрлық өнімдерді жасайтын жас мамандар даярланады.

Орталықтың ашылуы рәсіміне Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова, «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалының өкілдері, облыстық білім басқармасының басшылары, жоғары колледж ұстаздары мен оқушылары және қаладағы 7-9 сынып оқушылары қатысты.

Орталық жастардың инновациялық шығармашылық орталығы негізінде құрылып отыр. IT-орталықта мамандар модульдар, яғни, инженерлік кесте және 3D технология, логистикалық контроллерлерді, мехатронды және роботтандырылған жүйені бағдарламалау, web-сайттар мен интернет қосымшаларды жасау бойынша даярланады.

Қазірдің өзінде аталмыш колледж студенттері мен түлектері мобильді қосымша, сайттар, цифрлық технология саласында кәсіпкерлік тәрізді 25 старт-ап жобаның тұсауын кесті.

Оған жоғары колледж студенттерінің республикалық және өңірлік түрлі байқауларда топ жарғаны айқын дәлел. Оның ішінде Жанат Ғабдуллин және Дмитрий Колондаров WorldSkills Kazakhstan 2018 ұлттық чемпионатына қатысып, «Мобильді роботтехника» аталымы бойынша сайысады.

«Біз бұл жарыста біздің колледждің абыройын қорғайтын боламыз. Жеңіске жетіп жатсақ халықаралық жарысқа барамыз», дейді оқушылар.

IT-орталық ардуино, MYRIO, LEGO процессорларындағы тетрис, жоғары мінездемесі бар моноблок, акустикалық жүйе, LCD панелі тәрізді қазіргі замаңғы мобильді робот техникасымен жабдықталған.

null null