Көкшетаудың жылу құбырында тағы апат болды
КӨКШЕТАУ. KAZINFORM - Көкшетаудың жылу құбырында апат болды. Қазіргі кезде қаланың коммуналдық қызметтері жылу жүйесіндегі апатты жою жұмыстарымен айналысып жатыр.
«Жылу желілерін жоспарлы тексеру кезінде «Капитал» тұрғын үйі кешенінің жанында жерасты құбырының ақауы анықталды. Қазіргі уақытта кәсіпорын қызметкерлері осы ақауды оқшаулау бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. Оған коммуналдық қызметтен 20 адам және 7 техника жұмылдырылды. Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз!», - деп көрсетілген қалалық әкімдіктің ресми мәліметінде.
Еске салайық, жылыту маусымы басталған кезде осы «Капитал» тұрғын үй кешенінің маңында диаметрі 700 мм болатын жылу құбыры жарылып, 40-тан астам үй жылусыз қалған еді.
Көкшетауда 40-тан астам үй жылусыз қалды.