Көкшетаудың іргесінде 5 жел генераторы салынуда

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Краснояр кентінде жел электр стансасын салу жобасы жүзеге асырылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көкшетаудың іргесінде 5 жел генераторы салынуда

«Құлагер» атшабарының маңында салынып жатқан «ВетроИнвестКөкшетау» ЖШС жобасының құны 1,7 миллиард теңгені құрайды. Нысанды келер жылы аяқтау жоспарланған.

«Барлығы 5 жел генераторының құрылысы жүріп жатыр. Оның əрқайсысының қуаты - сағатына 750 КВт. Барлық қондырғының жалпы қуаты сағатына 3,2 МВт құрайды. Қазіргі кезде монтаждау жұмыстары жүріп жатыр. Келер жылдың жазында жобаны іске қосу жоспарланып отыр», - дейді құрылыс учаскесінің басшысы Асхат Жақсыбергенов.

Жобада қарастырылғандай, жел электр стансасы іске қосылған кезде электр қуатын басты тұтынушы Көкшетау қаласы болады.