Көкшетаудың «Оқжетпес» ФК алдағы кездесуін өз алаңында өткізеді

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетаудың «Оқжетпес» ФК келесі ойынын өз алаңында өткізетін болады. Бұл туралы бүгін Қазақстанның кәсіби футбол лигасының директоры Павел Демянның Көкшетауға жұмыс сапары барысында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі футбол клубының сайтына сілтеме жасап.

Көкшетаудың «Оқжетпес» ФК алдағы кездесуін өз алаңында өткізеді

Павел Демян жергілікті «Оқжетпес» ФК стадионының алаңына жаңадан төселген жасаңды жамылғының сапасы мен талапқа сай болуын бақылап көрді. Инспекция шешімімен жаңа футбол алаңының Қазақстанның кәсіби футбол лигасының талабына сай деп бекітілді.

Бұл игі іс Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалиннің қолдауының арқасында жүзеге асырылып отыр. Аймақ басшысы «Оқжетпес» стадионына жасанды жамылғыны төсеу процесстерін бастан-аяқ өз бақылауына алып, қадағалап отырды.

Мәлік Кеңесбайұлы бірнеше рет стадионда болып, жөндеу жұмыстарының сапасы мен қарқынын бақылады.

Нәтижесінде Көкшетаулықтар сүйікті командасының ойынын өздерінде тамашалай алатын болып отыр.

ҚР Премьер лигасының 30-турында «Оқжетпес» футболшылары өз алаңында «Тараз» командасын қабылдайды. Кездесу 15 қазан күні сағат 15:00 басталады. Стадионға кіру тегін.