Көкшетаудың сауда, ойын-сауық орталығында өрт болды, 150 адам қауіпсіз аумаққа көшірілді

АСТАНА. 13 қазан. ҚазАқпарат - Көкшетау қаласында 5 қабатты «Рио» сауда, ойын-сауық орталығының 2-ші қабатында орналасқан дүңгіршектен өрт шықты, деп хабарлады ҚР ТЖМ-нан.
None
None

Өрт толығымен 26 минуттан кейін сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Ақмола облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 25 адамы мен 7 техникасы жұмылдырылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. 150 адам, соның ішінде 32 бала қауіпсіз аймаққа шығарылды.

Соңғы жаңалықтар