Бурабайға бір жылда 1 млн шетелдік турист келіп жүр – Ақмола облысының әкімі

Марат Ахметжанов
Фото: Ақмола облысының әкімдігі

Биыл Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Көкшетауға шетелден келетін туристердің санын атады, деп хабарлайды Kazinform.

«Жыл сайын Шучинск-Бурабай шипажай аймағына әлемнің әр түкпірінен 1 млн шетелдік турист келеді. Жалпы Ақмола облысының туристік кластерінде 600-ден астам кәсіпорын бар. Оларда 22 мыңнан астам тұрғын жұмыс істейді. Биыл туристерді орналастыру бағытында 16,5 млрд теңгенің қызметі көрсетілді. Бұл 2022 жылғыдан 29% көп», - деді өңір басшысы.

Аймақта туризмді дамыту үшін 23 млрд теңгенің 65 инвестициялық жобасы іске асырылып жатқаны да айтылды.

«Жылдың 10 айындағы қорытынды бойынша, негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 2 есе өсіп, 23,3 млрд теңгеге жеткен. 2024 жылдың жоспарында 25 млрд теңгенің 30 жобасы тұр. Оның сыртында курорттық аймақтың инфрақұрылымын жетілдіру жобалары да іске асады», - деді әкім.

Соңғы жаңалықтар