Көкшетаулық 3 миллион теңгенің алтын бұйымдарын үптеп кеткен

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат  - Көкшетауда 3 миллион теңгенің алтын бұйымдарын қолды қылған 27 жастағы күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көкшетаулық 3 миллион теңгенің алтын бұйымдарын үптеп кеткен

Полицейлердің дерегі бойынша қылмыс ағымдағы жылдың шілде айында Көкшетау қаласында орын алған. Арызданушы әйелдің сөзінше, қаскөй пәтер иесінің жоқтығын біліп, пәтердегі алтын бұйымдарды үптеп кеткен. Әйел қолды болған бұйымдарын  3 миллион теңгеге бағалады.

«Тергеу амалдары кезінде полицейлер ұрының пәтер есігін сәйкес келетін кілтпен ашқаны анықталды. Алайда, аталмыш үйдің тұрғындары сол күні күдікті ештеме байқамағанын айтты. Бұл қылмысты тергеуде біраз қиындықтар туғызды. Дегенмен, полицейлер жүргізген кешенді жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде  тамыздың 26-сында Көкшетау қаласының 27 жастағы тұрғыны қолға түсті.

«Күдіктіден ұрланған алтын бұйымдардың бір бөлігі тәркіленді. Оған қоса, түрлі құлыптарды бұзып ашатын аспап анықталды», деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.

Қазіргі кезде осыған байланысты  ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігі бойынша сот алды тергеу амалдары жүргізілуде. Сонымен қатар, күдіктінің осыған ұқсас өзге қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.