Көкшетаулық аяқдопшылар Ресей және Сербия командаларымен күш сынасты

Онда көкшетаулықтар алдымен Сергей Ташуев баптайтын Белградтың «Салют»-імен кездесіп 4:1 есебімен жеңіліс тапты. Биылғы маусымда Ресей ұлттық лигасында өнер көрсетіп жүрген белградтықтар өткен 2011/12 жылдардағы маусымда Екінші дивизионның «Орталық» аймағында жеңімпаз атанған еді.
Серік Әбдуалиев жаттықтыратын «Оқжетпес» аяқдопшылары бұдан кейін Александр Кристич баптайтын Сербияның Крушевац қаласының «Напредак» командасына 4:2 болып ұтылды. Бірінші лигада өнер көрсететін крушевацтықтар соңғы екі маусымда (2010/2011 және 2011/2012) да 6-шы орын алған еді. Биылғы маусымда 16 турдың 12-сін жеңіспен аяқтаған олар тунир кестесінде көш бастап тұр.
Үшінші жиынын 3 ақпанда бастаған көкшетаулықтар алғашқы бақылау матчын 8 ақпан күні София қаласының «Локоматив» командасымен өткізген еді. Болгарияның Жоғарғы лигасында өнер көрсететін софиялықтар онда «Оқжетпес» қақпасынан 3 рет саңылау тауып, 3:0 есебімен өз басымдығын көрсеткен болатын.