Көкшетаулық аяқдопшылар румынның Глория" командасымен жолдастық кездесуін тең есеппен өткізді

АЛМАТЫ. 7 ақпан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан көкшетаулық аяқдопшылар 5 ақпанда Румыния мемлекеті Бистрица қаласының "Глория" командасымен жолдастық кездесу өткізді. Бұл ойын 1:1 есебімен аяқталды.

Көкшетаулық аяқдопшылар румынның Глория" командасымен жолдастық кездесуін тең есеппен  өткізді

"Оқжетпес" футбол клубының Анталиядағы бұл жиыны 24 қаңтарда басталған болатын. Олар енді 11 ақпанға дейін Молдованың «Рапид» пен Сербияның «Явор» командасымен кездеспек. Бұған дейін олар 2 ақпанда Ресейдің Белград қаласының "Салют" командасына 0:2 есебімен есе жіберген еді.  Ал 30 қаңтардағы алғашқы кездесуде  Германияның 3-інші дивизионында өнер көрсететін «Схокланд» команлдасына  0:1 болып ұтылған болатын.