Көкшетаулық бүлдіршін республикалық фестивалде гран-при жеңіп алды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат- Көкшетаулық бүлдіршін республикалық фестивалде гран-при жеңіп алды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА тілшісі облыстық білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

ҚР Білім жəне ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығында өткен «Ұлы дала ұрпақтары» балалардың шығармашылық фестиваліне еліміздің əр өңірінен келген қалалық, аудандық жəне облыстық шығармашылық байқауларда топ жарған балалар қатысты. 

Шараның мақсаты- «Мәңгілік Ел» идеясын іске асыру аясында мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылығын қолдау және насихаттау болып табылады.

Фестиваль жеңімпаздары «Жезтаңдай әнші» (балалардың патриоттық әндері), «Көркем сөз шебері» (өлең, мақал-мәтелдер), «Мың бұралған биші» (балалар биі), «Қөлөнер шебері» (балалардың бейнелеу және қолданбалы шығармашылығы), «Үздік қойылым» (театрландырылған қойылым) аталымдары бойынша анықталды.

Ақмола облысынан барған 50-ден астам баланың арасында Көкшетаудағы «Жұлдыз» балабақшасының тəрбиеленушісі Томирис  Оспанова «Жезтаңдай әнші» номинациясы бойынша бірінші орын алды.
Еске сала кетейік, осының алдында ғана аталмыш балабақша тәрбиешісі Айгүл Қабдуллинова мектепке дейінгі ұйымдар арасындағы республикалық байқауында бірінші орынға ие болып, «Үздік балабақша тәрбиешісі» және «Үздік маман» медалін алды.

Соңғы жаңалықтар