Көкшетаулық дәрігерлер КВИ-мен қалай күресіп жатыр

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетаудағы қалалық емхананың дәрігерлері мен медбикелері өңірде алғашқылардың бірі болып, коронавирустық инфекциямен күресуде белсенділік танытты. Бүгінгі таңда олар осы жаман дертті алдын алуда алдыңғы қатардан көрінуде. Бұл туралы Көкшетау қалалық емханасының бас дәрігері Ғалия Сабатаева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көкшетаулық дәрігерлер КВИ-мен қалай күресіп жатыр

Оның айтуынша, бүгінде медициналық мекеме тіркелген халықтың 91 мыңына көмек көрсетеді.

«Біздің дәрігерлер мен медбикелер коронавирустық инфекциямен күресуде алдыңғы қатардан көрінді. Ауырған тұрғындар алдымен бізге жүгінеді. Емханада 4 сүзгі кабинеті бар, онда 10 дәрігерлік,фельдшерлік, мейіргерлік бригада жұмыс істейді. Оған 18 дәрігер мен фельдшер, 34 медбике жұмылдырылған. 2020 жылы сүзгіден 6 694 адам өтті. Өткен жылы бұл көрсеткіш 19 576 адамды құрады. Осы жылдың қаңтар айында 2989 өтініш келіп түсті», - деді Ғалия Сабатаева.

Бас дәрігер атап өткендей, коронавирустық инфекцияның таралуын алдын алу шаралары өзге медициналық бағыттар бойынша қызмет көрсету сапасына әсер етпеген. Сондай-ақ, учаскелік дәрігерлер мен бейінді мамандардың жоспарлы қабылдаулары өткізіліп тұрады. Өткен жылы 400 мыңнан астам науқасты қабылдасақ, оның 93 898-і үй жағдайында емделді.

«Біздің мекеменің жабдықталуы медициналық көмектің барлық түрлерін, соның ішінде мамандандырылған және жоғары технологиялық көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Ауруларды ерте диагностикалау бойынша профилактикалық скринингтік тексерулер жалғасуда. Өткен жылы 32 мыңнан астам адам қаралды. Өкпе ауруларын ерте анықтау үшін халықты флюорографиялық тексеру үзілмеді. 2021 жылы біз 61 353 адамды қамтыдық», - деп қосты бас дәрігер.

Емхана мамандарымен емдеуге жатқызу алдында іріктеу, тексеру және тәуліктік стационарлар мен күндізгі стационарларға жоспарлы емдеуге жатқызуға жіберу жүргізіледі. Өткен жылы жоспарлы түрде 4174 науқас ауруханаға жатқызылды.

Жүкті әйелдерді медициналық бақылауда іркіліс болмады, қабылдаулар, патронаждар жүргізілді. 2021 жылы барлығы 1229 жүкті әйел байқалды. Өткен жылы медицина қызметкерлерінің бақылауының арқасында 1504 әйел босанды, оның ішінде 12 егіз сәби дүниеге келді.

Негізгі науқастар-балалар. Профилактикалық тексерумен 14 440 бала қамтылды. 14 жұқпалы ауру мен жас бойынша балаларға иммунопрофилактика жүргізілді. Вакцинациямен қамту тиісті контингенттің 93 пайызын құрады. Бүгінгі таңда емхананың алтын қоры- ол оның ұжымы деуге болады.

«Біздің қатарымызда әртүрлі мамандықтағы 102-ден астам дәрігер, үлкен кәсіби және өмірлік тәжірибесі бар 424 орта медициналық қызметкер еңбек етеді. Жаны мен жүрегі үлкен мамандарымыздың күнделікті игі еңбегінің көлемін өлшеп, бағалау мүмкін емес», - деп түйіндеді Ғалия Сабатаева.