Көкшетаулық дзюдошы республикалық жарыста «алтын» алды
Облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хашысы Махаббат Большинаның сөзінше, Қарағанды қаласында дзюдодан республикалық турнир өтті. Жарысқа 60 келі салмаққа дейінгі еліміздің әр өңірінен келген мықты спортшылар қатысты. Қарағандыдағы дзюдо мектебінің татамиіне халықаралық жарыстарда еліміздің көк туын желбіреткен атақты спортшылар талай рет шығып, жеңіс тұғырынан көрінген еді.
Олардың арасында 2004 жылғы Азия чемпионы, 2004 жылғы Афина олимпиадасыда үздік бестікте болған Базарбек Донбай, Азия чемпионы және 2005 жылы Әлем чемпионатында 5-ші орыннан көрінген Саламат Отарбаев, жастар арасында Әлем чемпионы, Әлем кубогінің жеңімпазы, «Үлкен шлем» және «Гран-при» турнирлерінің бірнеше дүркін жеңімпазы Елдос Сәметов сияқты спорт тарландар бар.
«Бұл жолы көкшетаулық талантты дзюдошы Еламан Жылқайдаровтың бағы жанып, алтын медальға қол жеткізді», - дейді Махаббат Большина.
Айта кету керек, Еламан Жылқайдаров балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінің тәрбиленушісі.
