Көкшетаулық экстремал Аяз ата желі қолданушыларын таң қалдырды
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда көпқабатты тұрғын үйдің шатырынан түсіп, терезеден балаларға сыйлық үлестірген Аяз ата желі жұртты таң қалдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Желіде тараған видеодан Аяз ата киімін киіп алған ер адамның көп қабатты тұрғын үйдің шатырынан арқанмен түсіп, жоғары қабаттағы пəтерлердің бірінің терезесі тұсында ілініп тұрғанын байқауға болады.
Желі қолданушылары эстремалды Аяз атаның қылығына таңданып, ризашылықтарын білдіріп жатса, енді бірі бұл өте қауіпті екенін ескертуде.
Ал, видеоны жүктеген Инстаграм қолданушысы Аяз атаның өзі аттестациялаудан өткен кəсіби маман екенін айтуда.