Көкшетаулық футболшылар Стара-Загора қаласындағы құрдастарын 4:0 есебімен ойсырата ұтты

АЛМАТЫ. 24 ақпан. ҚазАқпарат - Түркиядағы соңғы оқу-жаттығу жиынының аясында кеше  «Оқжетпес» футбол командасы Стара-Загора қаласының «Берое»  командасымен жолдастық кездесу өткізді. 
None
None

Былтыр Бірінші лигада  2-орын алған көкшетаулықтар  Болгария чемпионатында 2010/11 жылы «А» тобында 7-орын  алған қарсыластарын 4:0 есебімен ойсырата жеңді. 2010 жылы Болгария кубогын иеленген «Берое»  биыл Премьер-лигаға қайта оралғалы отырған «Оқжетпестің» қақпасынан саңылау таба алмай, пұшайман болды. Бұл ойында көкшетаулықтар сапынан  грузиялық легионер Давид Чагелишвили екі рет, ал  Тимур Досмағамбетов пен  Абылайхан Махамбетов бір-бір рет көзге түсті.

Олар келесі жолдастық кездесуін ертең «Минск» футбол командасымен өткізбек. Беларусь астанасының  аяқдопшылары өткен маусымда Жоғары лигада 9-орын алған болатын. 2010 жылы Жоғары лигада қола жүлдегер атанған бұл команда 2006 және 2008 жылдары Бірінші лигада топ жарған.

Соңғы жаңалықтар