Көкшетаулық каратэші халықаралық турнирде жеңімпаз атанды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетаулық каратэші қыз Нарқыз Ұзақбаева Жапонияда өткен халықаралық турнирде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көкшетаулық каратэші халықаралық турнирде жеңімпаз атанды

Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің дерегі бойынша Тодо қаласында өткен байрақты жарысқа әлемнің 15 елінен келген 1 500 спортшы қатысып бақ сынады. Оны ішінде ұлттық құрама сапында болған ақмолалықтар Нарқыз Ұзақбаева мен Әлемгүл Сабырхан 55 және 55 жоғары салмақ бойынша сынға түсті.

«Ақтық кездесуде Испания спортшысынан айласын асыра білген Нарқыз турнир чемпионы атанды. Ал Әлемгүл Сабырхан татами иесі жапондық қызға есе жіберіп алды. Кездесудің негізгі және қосымша минуттарында тең түскен қарсыластарды төрешілер салмақ айырмашылығын ескеріп жеңісті жапон қызына берді. Осылайша Әлемгүл күміс медальға ие болды», деп мәлім етті баспасөз қызметіндегілер.

nullnullnullnull