Көкшетаулық каратэшілер ел чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында киокушинкай-кан каратэ бойынша өткен ел чемпионатында көкшетаулық 8 алтын, 1 күміс және 3 қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 Көкшетаулық каратэшілер ел чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, жарыс киокушинкай -кан каратэнің ката және кумитэ әдістер бойынша өтті. Еліміздің әр өңірінен келген 300 астам спортшы татамида күш сынасты. Ақмола облысынан барған 22 спортшының арасында ката әдісі бойынша  14-15 жастағылар арасында Игорь Васин,  16-17 жастағылар арасында Асхат Ғалеев және ерлер арасында  Біржан Қайрат жеңімпаз атанды. Қыздар арасында Əлемгүл Сабырхан күміс жүлдеге ие болды.
null

Сонымен қатар, Мадиярбек Ұзақбай (12-13 жастағы) мен Әділ Қарабаев (14-15 жастағы) алғашқы үштікке ілінді.

Кумитэ әдісі бойынша 60 келі салмақта Асхат Ғалеев, 55 келі салмақта Нарқыз Ұзақбаева,  65 келі салмақта Əлемгүл Сабырхан мен Динара Нұрғалиева және ерлер арасында 80 келі салмақта Ерболат Қанапин жеңімпаз атанды.
null 

Ал 60 келі салмақта сынға түскен Александр Белоусов қол жүлдегер атанды.