Көкшетаулық қария велоспорттан халықаралық турнирде жүлдегер атанды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетаулық 66 жастағы қария Анатолий Гонаго велоспорттан «TrackMan Saryarka» халықаралық турнирінде қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Астанадағы олимпиадалық дайындық орталығында велоспорттан «TrackMan Saryarka» халықаралық турнирі өтті.

Жарысқа Қазақстан, Ресей және Германия елдерінен келген әуесқойлар мен ардагер спортшылар қатысты. Сайыс қуалау бойынша жекелей жарыс (12 айналым), ерлер арасында спринт (500 метр), ерлер (1000 метр) және әйелдер (500 метр) арасында Гит жарысы бойынша өтті.

«Жарыс қорытындысы бойынша Көкшетаулық 66 жастағы Анатолий Гонаго 60-69 жастағы ардагерлер арасында Гит жарысы бойынша жүлделі үшінші орын алды. Ол мәреге жарыс жеңімпазынан 9 секунд қана кешігіп келді», дейді ведомствоның баспасөз хатшысы Махаббат Большина.

Анатолий Викторовичтің сөзінше, ол соңғы рет жарыс жолына 1979 жылы шыққан екен.

Соңғы жаңалықтар