Көкшетаулық мектеп оқушысы республикалық олимпиадада топ жарды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетаулық мектеп оқушысы республикалық «Әл-Фараби» олимпиадасында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Көкшетаулық мектеп оқушысы республикалық олимпиадада топ жарды

Алматы қаласында «Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығымен Әл-Фараби қазақ ұлттық университеті бірлесіп, ұйымдастырған білім сайысына Ақмола облысынан 11 сыныптың екі оқушысы қатысты.

Оның ішінде Көкшетау қалалық №12 орта мектептің оқушысы Ләззат Құсайынова 1-ші дәрежелі дипломмен марапатталса, «Қазақ-түрік лицейі» дарынды балаларға арналған №1 мамандандырлған мектеп интернатының оқушысы арнайы сертификатқа ие болды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жыл сайын өткізілетін шараның мақсаты, дарынды балаларды анықтап, қолдау көрсету және білім мен шығармашылық қабілеттерін артыру.

null