Көкшетаулық оқушысы Сочиде халықаралық байқаудың жеңімпазы атанды
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Көкшетау қаласы Краснояр кентіндегі №3 мектеп гимназиясының 7 сынып оқушысы Жандос Жанат Сочиде өткен «Народные Истоки» ұлттық мәдени және фальклор фестиваль байқауында жеңіпаз атанды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі облыстық білім басқармасының баспасөз қзыметіне сілтеме жасап.
Фестивальге Ресейдің әрі өңірі мен алыс және жақын шет елдерден барған балалар, жастар, ересектер, кәсіби және әуесқой ұжымдар қатысты. Сондай-ақ, хореграфия, вокаль, фольклор, театр және хор жанрлары бойынша жекелей сынға түскендер де болды.
Оның ішінде Көкшетау қаласы Краснояр кентіндегі №3 мектеп гимназиясының 7 сынып оқушысы Жандос Жанат 1 дәрежедегі лауреат атанып, «Орындау шеберлігінің жоғары мәдениеті үшін» арнайы дипломымен марапатталды.
Еске сала кетейік, «Народные Истоки» ұлттық мәдени және фольклор фестивалі байқауы биыл бесінші рет ұйымдастырылып отыр. Оған Ресейдің отызға жуық өңірі, Латвия, Өзбекстан, Абхазия және Қазақстаннан барған мыңнан астам адам қатысты.