Көкшетаулық палуан республикалық турнирде топ жарды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетаулық палуан республикалық турнирдің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көкшетаулық палуан республикалық турнирде топ жарды

Ақмола облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Жезқазған қаласында қазақ күресінен республикалық турнир өтті. Жарысқа Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстан Республикаларынан барлығы 350 жас палуан қатысты.

Оның ішінде көкшетаулық палуан, Балуан Шолақ атындағы ұлттық спорт түрінен облыстық мектептің тәрбиеленушісі Елюан Оспанов 90 келіден жоғары салмақтағылар арасында бірінші орынды жеңіп алды. Елюан тәлімгері Жасұлан Мүсіповтің жетекшілігімен жаттығады.

«Барлығы сияқты менде жеңіске жеткім келді. Жаттықтырушымның арқасында бағыммен бірге, бабым қатар шапты. Қарсыластарымның барлығы мықты палуандар. Дегенмен, тыңғылықты жаттығудың арқасында жеңіс тұғырынан көріндім», - дейді Елюан Оспанов.