Көкшетаулық пауэрлифтер әлем біріншілігінде жүлдегер атанды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетаулық пауэрлифтер әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Облыстық денешынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, АҚШ-тың Флорида штатының Орландо қаласында жасөспірімдер арасында пауэрлифтингтен әлем чемпионаты өтті.   Оған әлемнің 40 елінен келген жас спортшылар қатысты. Оның ішінде көкшетаулық Испандияр Қайыржан АҚШ спортшысына есе жіберіп, 66 келі салмақ бойынша жүлделі екінші орынды иеленді.

Жаттықтырушысы Асылжан Альмерденовтің айтуынша,  халықаралық дәрежедегі спорт шебері Испандияр Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің үшінші курсында оқиды.  

«Пауэрлифтингпен бар-жоғы 3 жыл ғана айналысуда. Осы азғана уақыттың ішінде жоғары көрсеткішке қол жеткізіп отыр», -  деді жатықтырушысы Асылжан Тасболатұлы.

Еске сала кетейік, Испандияр Қайыржан Көкшетаудағы балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінде жаттығады.

Соңғы жаңалықтар