Көкшетаулық жеңіл атлет Қазақстан чемпионы атанды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте найза лақтыру, спорттық жүріс және ұзақ қашықтыққа тас жолмен жүгіру бойынша қысқы ҚР чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды  ҚазАқпарат тілшісі.

Көкшетаулық жеңіл атлет Қазақстан чемпионы атанды

Қыздар арасында спорттық жүрістен Ақлмола облысынан келген Кристина Добаринаға тең келетін спортшы болмады. Ол 2003-2004 жылы туған спортшылар арасында 3000 метр қашықтыққа жүруден  ең үздік нәтиже көрсетіп, ел чемпионы атанды. 

Ақмола облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше,  спортшы №1 облыстық мамандандырылған балалар - жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебінің тәрбиеленушісі. Ол жеңіл атлетика бойынша жаттықтырушы Анатолий Крахмалевтің шәкірті. Жаттықтырушысының сөзінше, бұл Кристинаның осы маусымдағы екінші жеңісі болып отыр. Бұған дейін ел біріншілігінде 300-ден аса спортшыдан оқ бойы  озып, жеңіс тұғырынан көрінген еді.