Көкшетаулықтар 1 тоннаға жуық наурыз көжеден дəм татты

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда өтіп жатқан Наурыз мейрамында қала тұрғындары мен қонақтары 1 тоннаға жуық наурыз көжеден дəм татты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Көкшетаулықтар 1 тоннаға жуық наурыз көжеден дəм татты

null

Мерекелік шара барысында 500 келіден астам бауырсақ, 1,5 мың порция палау, 300 келі ет пен 1 тоннадан астам мерекенің басты тағамы наурыз көже əзірленіп, қала тұрғындары мен қонақтарына ұсынылды.

null

Еске сала кетейік, Ұлыстың ұлы күні Көкшетау қаласының орталық алаңына жиналған жұрт халқымыздың салт-дәстүрі мен əдет-ғұрыпын насихаттайтын ұлттық ойындармен қатар көптеген түрлі ұлт өкілдерінің орындарындағы мəдени шараларды да тамашалауда.

null

Соның ішінде əсіресе, Ақмола облысының жастар ресурстық орталығы тарапынан  ұйымдастырылған "Бауырсақ шоу" бағдарламасы мерекенің шырайын аша түсті. 

null