Көкшетаулықтар Астана күнін дүркіретіп атап өтті

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда Астананың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астана-арман қала!» атты мерекелік салтанатта шара өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көкшетаулықтар Астана күнін дүркіретіп атап өтті

Тәуелсіздік алаңында ұйымдастырылған шараға қала әкімі Ермек Маржықпаев қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Ол Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен салынған еліміздің жүрегі Астана 20 жылдың ішінде барша қазақтың ақталған үмітіне, мақтанышы мен қуанышына айналғанын атап өтті.
«Астана - рухани жаңғыру мен бірліктің ұйытқысы болып отыр. Астанамен бірге астаналық облыстың орталығы - Көкшетау қаласы да көркейіп келеді», дей келе қала әкімі өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосып жүрген бір топ көкшетаулықтарды «Астана 20 жыл» мерекелік медалімен және Алғыс хаттармен марапаттады.
Сонымен қатар, мереке шеңберінде қалалық саябақта оқу мен қоғамдық өмірде өздерін жақсы қырынан көрсеткен оқушылар «Жас Ұлан» ұйымына қабылданды.

nullnullnullnullnullnullnullnullnull