Көкшетаулықтар «Біржан сал» көркем фильмін көрді
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Есімі елімізге кеңінен танымал әнші, ақын, сазгер Біржан Қожағұлұлының өмірінің соңғы кезін қамтитын фильмнің қоюшы режиссері әрі басты рөлді сомдаған Досқан Жолжақсынов көрермендерді шығармашылық топпен таныстырып, бұл кездесудің өздері үшін аса қымбат екендігін айтты. Өйткені киноны түсіруге Бурабай аумағының тұрғындары қатысып, 19 ғасырдың өмір салтын, тұрмыс-тіршілігін қайта қалпына келтіруге ат салысқан болатын.
Біржан сал өмірі ғана емес, өзі өскен табиғат та сол кейпінде таспаға түсірілген. Зал толы көрермен алдында режиссер, актер Досқан Жолжақсынов Біржан салға құрмет ретінде шөбересінің иығына шапан жапты.
Алдағы күндері шығармашылық топ Қарағанды, Семей, Шымкент қалаларында да осындай кездесулер ұйымдастырады.