Көкшетаулықтар еліміз Туын балкондарына іліп, автошеру ұйымдастырды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат- «Менің Туым - менің Отаным» республикалық челленджіне Көкшетау тұрғындары да атсалысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көкшетаулықтар еліміз Туын балкондарына іліп, автошеру ұйымдастырды

Пәтерлерінің балконына еліміздің көк Туын іліп қойған Сарыарқа шағынауданы, 8/4 тұрғын үйінің тұрғындары қазақстандықтарды Тәуелсіздік күні мерекесімен осылайша құттықтады.

«Пәтер иелері мұндай акцияны ұйымдастыруды көптен армандады. Сарыарқа шағынауданында біздің тұрғын үй – ең биік ғимарат. Мұнда Тәуелсіз Қазақстанның нағыз патриоттары тұрады. Сол себепті «Менің Туым - менің Отаным» республикалық челленджіне аса қуанышпен атсалыстық», - дейді қала тұрғыны Мұрат Есмағамбетов.

Айта кетейік, «Достық» үйінің бастамасымен қолға алынған шараға қаладағы өзге үйлердің тұрғындары да үн қосып жатыр.

Сонымен бірге, қалада он шақты автокөліктің қатысуымен автошеру ұйымдастырылды.