Көкшетаулықтар қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетаулық спортшылар Румынияда өткен қоян-қолтық ұрыс бойынша жастар арасындағы әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көкшетаулықтар қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды

Ақмола облыстық денешынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметі бойынша Меджидия қаласында ұйымдастырылған байрақты додада әлемнің 10 елінен жиналған спортшылар бақ сынады. Қазақстан құрамасы сапында болған ақмолалықтар Бектас Ысмайылов пен Олжас Есімбеков жүлделі екінші орынан көрінді.

Бектас Ысмайылов 14-15 жастағылар арасында 42 келі салмақта сынға түссе,  Олжас Есімбеков 16-17 жастағылар арасында 42 келі салмақ бойынша күш сынасты.

Жатықтырушысы Дархан Қасымовтың айтуынша, екі спортшы да Алматы қаласында өткен оқу-жаттығу жиынына қатысқан.

 «Бұл біздің жігіттерге өте жақсы көмектесті. Сол себепті, әлем чемпионатында жоғары көрсеткішке қол жеткізіп отырмыз», - деп атап өтті Д.Қасымов.

Жерлестеріміздің екеуі де Көкшетаудағы балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған спорт мектебінде тәлім-тәрбие алуда.

Еске сала кетейік, жастар арасында өткен қоян-қолтық ұрыс бойынша әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 2 «алтын», 8 «күміс» және  2 «қола» медальға қол жеткізді. 

nullnull