Көкшетаулықтар қоян-қолтық ұрыстан ел біріншілігінде үздік үштікке енді

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетаулықтар қоян-қолтық ұрыс бойынша өткен ел чемпионатында үздік үштікке енді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көкшетаулықтар қоян-қолтық ұрыстан ел біріншілігінде үздік үштікке енді

Ақмола облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Қарағанды қаласында ересектер және жастар арасында FCF MMA қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан чемпионаты өтті.

Жарысқа еліміздің 11 өңірінен жиналған 200 спортшы қатысты. Көкшетау қаласынан барған 7 спортшының ішінде, ересектер арасында 71 келі салмақта сынға түскен Ибрагим Беков (жаттықтырушысы Ермека Джаниен) күміс жүлдегер атанса, жастар арасында 46 салмақта  Олжас Ералин (жаттықтырушысы Дархан Касымов) үшінші орыннан көрінді.