Көкшетаулықтарға Өзбекстанда шыққан өнімдер ұсынылды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда Өзбекстан Республикасы Сырдария облысының өнеркәсіп және азық-түлік өнімдерінің жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көкшетаулықтарға Өзбекстанда шыққан өнімдер ұсынылды

Ақмола облысының кəсіпкерлік жəне өнеркəсіп басқармасы баспасөз қызметінің дерегі бойынша, Өзбекстан Республикасы Сырдария облысы хокимінің орынбасары Аваз Ходжиев жəне өзге іскер азаматтар бар өзбекстандық делегация жұмыс сапарымен Көкшетау қаласында болды.

Сапар шеңберінде Сырдария өңірінің кәсіпкерлері Ақмола облысы əкімінің орынбасары Қанат Ыдырысовтың төрағалығымен өткен дөңгелек үстелге қатысып, жергілікті бизнес қауымдастық өкілдерімен əріптестік қатынасты дамыту туралы əңгіме өрбітті.

«Біздің өңірде 20-дан астам өзбекстандық компанияның өкілдері болды. Ақмола облысы ауыл шаруашылығы тауарларын ғана емес, өнеркəсіп өнімдерін де ұсынады", - деп атап өтті Ақмола облысының кəсіпкерлік жəне өнеркəсіп басқармасының басшысы Ербол Жақсылықов.

null null null