Көкшетуда курсанттар Жаңа жылдық шыршаның бейнесін құрастырды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - ҚР ІІМ қарасты Көкшетау техникалық институтының курсанттары қазақстандықтарды Жаңа жыл мерекесімен ерекше құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көкшетуда курсанттар Жаңа жылдық шыршаның бейнесін құрастырды

Инстаграм əлеуметтік желісінде тараған видеоға қарағанда, болашақ өрт сөндірушілерді даярлайтын еліміздегі жалғыз оқу орны Көкшетау техникалық институтының бір топ курсанты мен арнайы өрт сөндіру техникасы қаз-қатар тізіліп, Жаңа жылдық шыршаның бейнесін құрастырды.


«Құрметті қазақстандықтар! Сіздерді Жаңа 2019 жылмен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздерге жəне еліміздің гүлденуіне толғай табыстар тілейміз!», - дейді курсанттар құттықтау сөзінде.

Бұл аталмыш білім ордасы курсанттарының желі қолданушыларын таңдандырған алғашқы құттықтауы емес. Жақында 16 желтоқсан Тәуелсіздік мерекесінде де бір топ курсант қаз-қатар тізіліп, «16» санын, ал, өрт сөндіру құралдарынан «Jeltoqsan!» сөзін құрастырған болатын.