Көктал кентінің 140 тұрғыны жылжымалы денсаулық пунктінде медициналық тексеруден өтті
АСТАНА. 23 тамыз. ҚазАқпарат - Астанада Көктал кентінің тұрғындары алдын ала медициналық тексеруден өтті. Бұл туралы astana.kz сайтына Денсаулық сақтау басқармасынан хабарлады.
Медициналық көмекке жүгінген 140 адамның ішінде 36-сы отоларинголог, 39-ы көз дәрігері, 12-і акушер-гинеколог дәрігерлердің қабылдауында болып, 23 адам УДЗ, 30-ы ЭКГ (электрокардиография), скринингтік тексерулерден өтті. Тұрғындарға консультациялар берілді.
Еске салайық, жылжымалы медициналық кешен заманауи медициналық қондырғылармен жабдықталған, онда жалпы тәжірибелік дәрігерлер, акушер, офтальмолог, көз дәрігері және т.б. қызмет көрсетеді.
Халыққа «Саламатты Қазақстан-2030» бағдарламасы аясында жоспарлы медициналық тексеруден өту мүмкіндігі беріліп отыр. Ауруды таралудың ерте кезеңінде анықтау үшін адамдарды скринингтен өткізу ұйымдастырылған.