Көктайғақ, екпінді жел, суық: синоптиктер ел тұрғындарына тағы да ескерту жасады

аяз
Фото: pexels.com

«Қазгидромет» РМК синоптиктерінің ақпаратына сәйкес, 2023 жылғы 16-21 желтоқсан аралығында елдің батыс бөлігінен келе жатқан циклоннан ауа райы күрт бұзылуы ықтимал.

Бұл туралы Kazinform Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторына сілтеме жасап хабарлайды.

Сонымен, алдағы бірнеше күнде бірқатар аймақта қатты жауын жауып, температураның төмендеуі, көктайғақ болып, екпінді жел тұруы, осының салдарынан жолдың көрінуі қиындауы мүмкін.

Сонымен қатар, 16-17 желтоқсан аралығында циклон Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарының аумағынан өтіп, қалың қар жауып, екпінді жел тұрып, боран соғуы ықтимал.

18 желтоқсаннан бастап циклон елдің солтүстік, орталық және шығыс бөліктеріне ауысып, күн күрт бұщылады.

«Осыған байланысты, «ҚазАвтоЖол» бөлімшелері күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылатын болады. Кезекшілікке 500-ге жуық арнайы техника мен 700 жолшылар жұмылдырылмақ»,-делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар
telegram