Көктайғақ: Өскеменде үш күнде 80 адам зардап шекті

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында үш күнде көктайғақ салдарынан 80 адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көктайғақ: Өскеменде үш күнде 80 адам зардап шекті

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, соңғы күндері тұрғындар арасында көктайғақ салдарынан жарақат алып, қол-аяғы көгеріп, сынғандар саны күрт көбейген.

Өскемендегі ауруханаларға соңғы 3 күнде 80 адам жүгінді. Оның ішінде 8 азамат ауруханаға жатқызылған.

«Кеше қаладағы медициналық мекемелерге 30 адам келді. Жұртшылыққа тайғанап құлап, қандай да бір жарақат алған жағдайда бірден дәрігерлерге қаралу керектігін ескертеміз», - деп хабарлады ведомство өкілдері.