Көктайғақ пен бұрқасыннан республикалық маңызы бар екі автожол жабылды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат –Ауа райының нашарлауына байланысты бірқатар республикалық маңызы бар жолдар жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көктайғақ пен бұрқасыннан республикалық маңызы бар екі автожол жабылды

«ҚазАвтоЖол» ҰК« АҚ ақпаратына сәйкес, көктайғақ пен бұрқасынға байланысты бүгін, сағат 19.30-дан бастап барлық автокөлік түрлері үшін жол қозғалысы келесі автожол учаскелерінде жабылды:

- «Жезқазған - Петропавл» (24-252 км, Сатбаев қаласы - Қостанай облысының шекарасы);

- «Қызылорда - Павлодар» (433-750 км, Жезқазған қаласы - Атасу кенті).