Көктайғақ салдарынан Ақтөбе облысында жолдар жабылды
ТЖД баспасөз қызметінің өкілі Сәбина Серікованың айтуынша, 27 желтоқсан 1:30-дан бастап көктайғақ болуына байланысты облыстық маңызы бар Ақтөбе-Болгарка-Шұбарқұдық, сонымен қатар Шұбарқұдық-Ойыл-Қобда-соль-Илецк бағытындағы жолдар жабылған.
4:20-дан бастап жауын-шашын мен көктайғаққа байланысты республикалық маңызы бар Самара-Шымкент тасжолының 718 км-ден 526 км-ге дейінгі аралығы, сонымен қатар Ақтөбе қаласынан Батыс Қазақстан облысы шекарасына дейінгі жолдың 773 километрден 965 километрге дейінгі бөлігі, Белогарка ауылынан Қарабұтақ ауылына дейінгі жолдар жабық.
4:20-дан бастап Ақтөбе-Атырау-Астрахань тасжолының 11-ден 92-киломерге дейінгі бөлігі, Ақтөбе қаласынан Қандыағаш қаласына дейінгі жолдардағы көлік қатынасы тоқтатылды.
5:00-ден бастап Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз тасжолының 0-ден 257 киломерге дейінгі аралығы, яғни, Қандыағаш қаласынан Шалқарға дейінгі бағыт жабық.
5:30-дан бастап Ақтөбе-Мәртөк-Оренбург тасжолының 14-99 километр аралығында жол, яғни, Құралайлы ауылынан Ресей Федерациясы шекарасына дейінгі аралық жабық.
Сонымен қатар, таңғы 5:30-дан Ақтөбенің солтүстік айналмасы жолындағы көлік қозғалысы тоқтатылды.