Көктайғақ салдарынан республикалық жолдардың учаскелері жабылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Көктайғақ салдарынан еліміздің аумағындағы бірқатар республикалық жолдарда көлік қозғалысы шектелді.
«Қазақавтожол» РМК мәліметіне қарағанда, «Екатеринбор-Алматы» жолының 1492-2005 шақырымындағы Қарағанды мен Жамбыл облысы шекарасы аралығында көліктің барлық түрлері үшін жол жабылды.
Бұдан бөлек, «Қызылорда-Павлодар» жолының 433-905 шақырымындағы Жезқазған мен Топар учаскесінде жүк және қоғамдық көліктерге жолға шығуға тыйым салынды.
Мұнымен қоса, көктайғақ пен жаңбырға байланысты «Қызылорда-Павлодар» жолының 970-1135 шақырымындағы Қарағанды мен Павлодар облысы шекарасы аумағында да жүк және қоғамдық көліктерге қозғалыс шектелді.
Бұдан бұрын хабарланғандай, боран салдарынан Ақмола облысы және СҚО аумағындағы жолдар жабылған болатын.