Көктайғақ, тұман, бұрқасын: бірқатар өңірде күн райына байланысты ескерту жарияланды

АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК-сы еліміздің 16 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады.

Тұман, көктайғақ: 28 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Фото: Мұхтар Холдорбеков/Kazinform

Кәсіпорынның болжамына қарағанда, Астанада 3 ақпанда түнде және таңертең аздаған қар жауып, тұман түседі, көктайғақ болады.

3 ақпанда күндіз Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақытта тұман түседі. Шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

3 ақпанда түнде Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында аздаған қар жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында кей уақытта тұман түседі.

Маңғыстау облысының батысында аздаған жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) күтіледі. Облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында тұман түседі.

3 ақпанда Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында аздаған жауын-шашын (қар, жаңбыр), көктайғақ, тұман сақталады.

3 ақпанда Атырау облысының батысында, шығысында аздаған жауын-шашын (қар, жаңбыр), көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман түседі.

3 ақпанда Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде кей уақытта тұман түчіп, жолдарда көктайғақ болады. Түнде облыстың оңтүстік-шығысында 25 градус қатты аяз.

3 ақпанда Қызылорда облысының солтүстігінде тұман түседі. Жел шығыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың шығысында, орталығында жылдамдығы 15-20 м/с.

3 ақпанда Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында түнде аздаған қар жауады, күндіз жауын-шашын (қар, жаңбыр) болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ болады.

3 ақпанда түнде Шығыс Қазақстан облысында қар жауып, облыстың солтүстігінде, шығысында бұрқасын соғады. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман түседі.

3 ақпанда түнде Абай облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. Күндіз Аягөз ауданында жаяу бұрқасын соғады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз Аягөз ауданында екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында екпіні 15-20 м/с.

3 ақпанда түнде Павлодар облысында қар жауып, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

3 ақпанда Қостанай облысының шығысында, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі.

3 ақпанда Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Облыстың тау асуларында жаяу бұрқасын болады. Шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с.

3 ақпанда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында таулы аудандарында 15-20, екпіні 23-28 м/с.

3 ақпанда түнде Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар). Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ болып, тұман түседі.

Осыған дейін Жамбыл облысының аумағындағы жол бөлігінде көліктердің жүруіне шектеу қойылғаны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар