06:09, 24 Ақпан 2023 | GMT +5
Көктайғақ, тұман, бұрқасын - 24 ақпанға жасалған күн райының болжамы
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазгидромет Қазақстан аймақтарында 24 ақпанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Атлантикалық циклон жырасының және онымен байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен ҚР басым бөлігінде құбылмалыз ауа райы сақталады – қар және жаңбыр жауады, тек еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
ҚР бойынша көктайғақ, тұман, найзағай, жаяу бұрқасын болып, жел күшейеді.