Көктайғақ, тұман, күшті жел: Ақпанның 11-і күнгі күн райы болжамы
АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК-сыақпанның 11-і күнгі күн райы болжамын жариялады.
Кәсіпорынның деректеріне қарағанда, еліміздің батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде ауа райына антициклон әсер ете бастайды, бұл жауын-шашынның тоқтап, ауа температурасының төмендеуіне әкеледі.
Қазақстанның қалған аумағына циклон және онымен байланысты атмосфералық ағындар өз ықпалын сақтайды, яғни, жауын-шашын жаңбыр мен қар жауады, еліміздің шығысында қатты жауын-шашын болады. Көктайғақ, тұман түсіп, желдің күшейеді, елдің батысында, солтүстігінде, шығысында, орталығында бұрқасын болады.