Көктайғақ, тұман және бұрқасын - 25 ақпанға жасалған күн райының болжамы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан аймақтарында 2023 жылғы 25 ақпанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көктайғақ, тұман және бұрқасын - 25 ақпанға жасалған күн райының болжамы

Атлантикалық циклон жырасының және онымен байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен ҚР шығыс жартысында тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын күтіледі. Елдің оңтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар жауады, батыс жартысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

ҚР бойынша көктайғақ болады, тұман түседі және жаяу бұрқасын соғады.