Көктайғақ, жаңбыр, бұршақ: Қазгидромет 18 өңірде күн райы бұзылатынын ескертті

АСТАНА. KAZINFORM – Қазгидромет мамандары ертең - 5 сәуірде еліміздің басым бөлігінде күн райы бұзылатынын ескертті.

ауа райы
Фото: Pixabay.com

Бложамға қарағанда, 5 сәуірде Қостанай облысында түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертең 15-20, екпіні 23 м/с. 

Жетісу облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында күндіз қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20, Алакөл ауданында кей уақыттарда 23-28 м/с дейін.

Түнде Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл тұрады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

5 сәуірде күндіз Алматы облысының оңтүстігінде, батысында қатты жаңбыр, облыстың таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта найзағай ойнап, бұршақ жауады. Шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақытта 25 м/с дейін.

Алматы қаласында күндіз қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Қонаев қ.: 05 сәуірде күндіз қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20, кей уақытта 25 м/с.

Осы күні Ақтөбе облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Астана қаласында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-18 м/с.

Түнде Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 25 м/с. 

5 сәуірде түнде Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с. 

Түнде Ұлытау облысының шығысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Ал Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында найзағай ойнап, күндіз бұршақ түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында, батысында екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с. 

5 сәуірде Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында 15-20, түнде екпіні 23- 28 м/с.

Шымкент қаласында кей уақыттарда найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Түнде Павлодар облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, облыстың шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -2 градусқа дейін төмендейді.

Абай облысында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде облыстың батысында көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с.

Ауа температурасы 6 сәуірде түнде 0-5 градус аязға дейін төмендейді.

5 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз солтүстігінде, шығысында жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде облыстың батысында көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында желдің күші 15-20 м/с.

Ауа температурасы 6 сәуірде түнде 0-5, облыстың шығысында 8 градус аязға дейін төмендейді.

 

Соңғы жаңалықтар