Көктайғаққа байланысты Ақмола облысында бірқатар жолдар жабылды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көктайғаққа байланысты Ақмола облысы аумағындағы республикалық маңыздағы бірқатар автожолдар жабылып, көлік қозғалысы уақытша шектелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі аумақтық ТЖД сілтеме жасап.

Көктайғаққа байланысты Ақмола облысында бірқатар жолдар жабылды

Ведомствоның мәліметінше, 8 қарашада де таңғы уақыт 08:50 ауа райының қолайсыздығына (көктайғақ) байланысты Ақмола облысы аумағындағы республикалық маңызы бар бірқатар автожолдар жабылып, көлік қозғалысы уақытша шектелді. Нақтырақ айтсақ, «Қостанай - Әулиекөл - Сұрған» (Қостанай облысы шекарасындағы – Сұрған кенті) автожолының 232-260 км, «Жезқазған – Петропавл» (Сұрған - Бұзылық) автожолының 552-536 км «Жақсы - Есіл – Бұзылық» автожолының 0-82 км.

Сондай-ақ, «ҚазАвтоЖол» АҚ мәліметінше, сағат 09:00 шамасында көктайғаққа байланысты «Астана-Щучинск» автожолында қоғамдық көліктер мен жүк көліктерінің жүруіне уақытша тыйым салынды.