09:07, 25 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Көктайғақтардың болуы себепті жолаушылар тасымалдаушы көліктер үшін Қарағанды-Жезқазған автожолы жабылды
АСТАНА. Желтоқсанның 25-і. ҚазАқпарат - Ауа-райының нашарлауына байланысты жолаушыларды тасымалдаушы автокөліктерге Қарағанды-Жезқазған автожолына шығуға тыйым салынды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ТЖМ-ға сілтеме жасап.
Баспасөз қызметінен анықтап бергендей, көктайғақтың болуына байланысты желтоқсанның 24-і, 9 сағат 30 минутта автожолдың Атасу кентінен Жезқазған қаласына дейінгі бөлігі жабылған.