Көкте екі жеңіл ұшақ соқтығысып қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Швейцарияның шығысында әуеде екі жеңіл ұшақтың бір-біріне соғылып қалуынан алты адам ауыр жарақат алды. Жергілікті АТС ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, оқиға жергілікті уақыт бойынша сағат 15.00 шамасында Санкт-Галлен және Тургау кантондарының шекарасында орын алған.
None
None

Санкт-Галленнің полиция қызметкерлері мәлім еткендей, ұшақтардың бірі соқтығысып қалған соң Санкт-Маргаретен қаласының аумағына құлаған. Оның бортында болған төрт адам ауыр күйде ауруханаған жеткізілді. Екінші ұшақтың ұшқышы әуе көлігін Зиттердорф қаласының маңына аман-есен қондырғанымен, бұл ұшақтағы екі адам да айтарлықтай жапа шеккен, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

Соңғы жаңалықтар